logotype ZKMU kz

Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің Медицина орталығы

 

 





Науқастарды Қолдау және Ішкі аудит қызметі

Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы Кодексінің 58 бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және Әлеуметтік даму министрлігінің байқау кеңесі бар «Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын Медицина орталығында Науқастарды Қолдау және Ішкі қызмет (аудит) құрылып жұмыс жасайды.

Науқастарды Қолдау Қызметінің мақсаты - проблемалық сұрақтардың анықталуы және әрі қарай медициналық көмек көрсетуді жақсарту.

Егер де Сіз:

  • көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
  • медицина қызметкерлері тарапынан өрескел жағдайға кез келсеңіз;
  • науқастарға ақысыз медициналық көмек көрсету кепілдік көлемі аясында ем алып жатқан науқастарға медицина қызметкерлері тарапынан ақша талап ету фактілерімен кез келсеңіз;
  • медициналық көмек сапасына және оның тәртіптеріне байланысты басқа да проблемалармен кездесіп қалсаңыз Науқастарды Қолдау Қызметіне хабарласуыңызды өтінеміз.

Науқастарды Қолдау Қызметі Сіздің өтініштеріңізді қысқа мерзімде қарап, 5 күнтізбе күннен кешіктірмей Сіздің өтініштеріңіз бойынша қорытындысын береді.

Науқастарды Қолдау Қызметіне науқас немесе оның туыстары өздерін ойландырған мәселелер бойынша өтініш жасауға құқылы.

Біздің ұжымның медициналық көмек көрсету сапасын жақсартуға көмектесетін Сіздің өтініштеріңізге, ұсыныстарыңыз бен тілектеріңізге біз риза боламыз.

Егер Сіз, медицина қызметкерлерінің тарапынан Сіздің құқығыңызды, этикалық нормаларды, сол сияқты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтармен кез болсаңыз, онда Сіз:

1. Өтініш жазып клиниканың әр қабатында орналасқан «Азаматтардың өтініштеріне арналған жәшікке» салыңыз.

2. Өтініш жазып оны Медицина орталығының жетекшісі Батыр Оразалинның қабылдау бөлмесіне қалдырыңыз.

3. Өтініш жазып оны Науқастарды қолдау және Ішкі бақылау (аудит) қызметіне, № 118 бөлмеге қалдырыңыз (әкімшілік корпусы).

4. Сенім телефоны арқылы хабарласыңыз:
8 (7132) 53-42-17
5. Өтініш жазып оны пошта арқылы мына мекенжайға жіберіңіз:
030000 Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс шағын ауданы-8

6. Өтініш жазып және оны мына электрондық мекенжайға жіберіңіз: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.